Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Аягөз гарнизонында отбасылық сайыс өтті

24-10-2024, 10:27 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Республика күніне орай Аягөз гарнизоны  әскери қызметшілердің отбасы мүшелері арасында  «Көңілді старт» атты спорттық сайыс өтті.

​Спорт – денсаулық кепілі десек, бұл отбасылық сайыс тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден жарысқа қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады. Аталмыш сайыста әскери отбасылардың 6 командасы бақ сынап, үлкен белсенділік пен қызығушылық танытты.

- Бүгінгі жарысымыз жақсы деңгейде өтті. Отбасы мүшелері өте белсенді және сайысқа сай өнер көрсетті. Қатысушыларға үлкен рахмет айтқым келеді. Мұндай жарыстар алдағы уақытта әлі де ұйымдастырылатын болады, - деді 10810 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі азаматтық персонал Гүлмира Ниязбаева.

​​Жарыс қортындысы бойынша  02352 әскери бөлімінің «Отан» командасы І орынға ие болды. Ал, сәл ғана ұпай санымен есе жіберген  10810 әскери бөлімінің «Қыран» тобы ІІ орынға жайғасты. Жүлделі ІІІ орынды 97616 бөлімінен келген «Зымыран» командасы қанағат тұтты. Жеңімпаздар грамота және шағын сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив