Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін марапаттау рәсімі өтті

24-10-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Тәуелсіздік сарайында Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін марапаттау рәсімі болды. Этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА мүшелеріне мемлекеттік және қоғамдық марапаттар табыс етілді.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің этносаралық қатынастарды дамыту мен қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудағы еңбегін бағалауда маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив