Республика күніне арналған мерекелік шара өтті
Республика күні қарсаңында Семейде салтанатты мерекелік концерт өтті.
Шарада сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жалпыхалықтық мерекеге айналған Республика күнінің маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты шара аясында облыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыс етілді. Олардың арасында білім және медицина саласының ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ғалымдар, музыканттар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер бар.
Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар мен жекелеген әртістер өз өнерлерімен көрермендерді қуантты. Олардың қатарында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әртістері, облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері бар.