Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Республика күнімен құттықтауы

25-10-2024, 14:59 018.kz

Құрметті отандастар!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Мемлекет басшысы айтулы күннің тарихи тағылымын ел жадында қайта жаңғыртып, мызғымас бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырына айналдырды. Азаттықтың алғышарты дербестік декларациясы – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраты мен қажырлы күресінің жемісі. Елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды бекемдей түсер мерейлі мереке ұлтымыздың қилы тағдырымен бірге мәңгі жасай бермек.

Біздің бағытымыз – айқын. Алдымызда Әділетті Қазақстанның құндылықтарын баянды етуге барымызды салатын даңғыл жол тұр. Осынау ұлы мақсатқа жетуде халқымыз ауызбіршілік пен еңбекқорлықтың озық үлгісін көрсетеді деп сенемін.

Бүкіл қазақстандықтарды айшықты мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив