Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2024 жылғы 28-31 қазан аралығында Абай облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

28-10-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараның басты мақсаты - практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибе алмасу және оқыту, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP (эпилептолог, аллерголог, травматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, нейрохирург және басқалар) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медорталық ауруханаларының дәрігерлері кірді. Жоғары білікті мамандар тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар, консультациялар). Сондай-ақ өңір мамандарымен әдіснамалық жұмыс жүргізеді – Семей қаласының емдеу мекемелері базасында дәрістер, семинарлар және практикалық шеберлік сыныптары жоспарланған.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

28 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:
11:00-17:00 – Кимадиев Дархан Байжанұлы, дәрігер-эпилептолог;
14:00-17:00 – Бекболатова Ақерке Бекболатқызы, аллерголог-дәрігер.

29 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:
09:00-12: 00 - Бердіходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер;
10:30-13:00 – Абдрахманов Аян Сүлейменұлы, аритмолог-дәрігер;
14:00-17:00 – Саршаев Марат Аманғалиұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.

30 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:
11:00-17:00 – Бимбетов Бақытжан Рысқұлұлы, дәрігер-гастроэнтеролог;
12:00-15: 00-Баймұхаметов Асқар Тұрсынұлы, ортопед-травматолог;
14:00-17:00 –Байкенова Әсемгүл Саятқызы, геронтолог-дәрігер;
14:00-17:00 – Есенқұлова Сезім Мелісқызы, кардиолог-дәрігер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив