Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

28-10-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Абай облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттандыру және бақылау бөлімінің бас маманы Майгүл Шакенова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Майгүл Саяққызы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1994 жылы Семей облысы, Семей қаласы әкімдігінің азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлімінің ІІ санатты маманы ретінде бастаған.
Құжаттандыру және бақылау бөлімінде 30 жылдан артық абыройлы қызмет етіп келеді.

Әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие. Еңбек еткен жылдары ұжымда өзін тек қана жақсы қырларымен таныта білді. Әріптестері оны іскер, ұстамды, талапшыл, өз ісіне мұқият қарайтын қызметкер ретінде бағалайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив