Абай облысының мектеп асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілуде
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 309 жалпы білім беретін мекеме бар. Департамент басшысының орынбасары Раушан Фатхуллинаның айтуынша, 287 мектепте ас блоктары мен буфеттер жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда көптеген заң бұзушылықтар жойылған. Алайда, санитарлық ережелерді сақтау, соның ішінде тамақтан улануды болдырмау мақсатында департамент мектеп асханаларындағы жағдайды жақсарту үшін түсіндіру және мониторинг пен профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Жыл соңына дейін әр мектеп асханасы бойынша семинарлар өткізу кестесі жасалған.
Сондай-ақ, ата-аналарға мектеп асханаларында бұзушылықтар анықталған жағдайда шағымды ведомствоға немесе «E-Otinish» жүйесі арқылы жолдау керектігі ескертілді. Ол үшін фотосурет немесе бейне жазба және емдеуші дәрігерден анықтама және өтініш берушінің байланыс мәліметтерін ұсыну қажет.