Біздің мақсатымыз - сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету
Департаменттің басым міндеті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Жер-кез-келген адамзат қоғамының өмірі мен қызметінің негізі. Бұл адам өмірі мен еңбегінің, экономиканың негізгі салаларын орналастыру мен дамытудың көлемді негізі, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы және жалпы еңбек.
Департаментке жер учаскелерін алуға қатысты заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Аягөз қаласының тұрғындары жүгінді.
Жер учаскелерін жер пайдалануға беру тәртібі Жер кодексімен, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен реттеліп, оларға сәйкес қала құрылысы құжаттарына (бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және т. б.) сәйкес сұралған нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігін ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органы, яғни тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас сәулетшісі айқындайды.
Атап айтқанда, Аягөз қаласының әкімдігіне осы елді мекеннің тұрғыны тұрғын үйге қызмет көрсету үшін 0,027 га жер учаскесін беру туралы өтінішпен жүгінді. Айта кету керек, Департаментке жүгінгенге дейін, азамат бірнеше рет Аягөз қаласы әкімдігіне өтініш беріп, олар брйынша келесі негіздермен бас тарту жолдаған:
• сұралған жер учаскесі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызылуы;
• жер учаскесі электр желілерінің қорғау аймағында болуы;
• сұралып отырған жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай, игерілмегені.
Сондай-ақ, бас тарту туралы шешімді Аягөз қаласының әкімдігі сұралған жер учаскесі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызылу себебінен болғанын келтіреді.
Алайда, мұндай шешім негізсіз болып табылады, себебі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес сұралған учаске жеке тұрғын үй салу аймағында орналасқан және азаматтарға тұрғын үйге қызмет көрсету үшін берілуі мүмкін.
Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментімен тексеріс жүргізіліп, негізсіз бас тарту фактісі жойылып, кейіннен азаматқа жер учаскесі берілді.
Сондай-ақ, Аягөз қаласы әкімдігі тарапынан қосымша осыған ұқсас тағы бір негізсіз бас тарту фактісі орын алған.
Бұл жолы жер учаскесін беруден бас тартуға басқа тұлғаның бұдан бұрын жер учаскесін сұрау туралы өтініші негіз болып табылған.
Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелерінде қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсыныс енгізіліп, Аягөз қаласы әкімдігімен азаматқа тұрғын үйге қызмет көрсету мақсатында 0,0973га көлемінде жер учаскесі берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділік пен ашықтық қағидаттар негізінде көрсетілуі тиіс екендігін атап өту қажет («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 3-бабы).
Айта кету керек, мемлекеттік қызметтер қолжетімділік және ашықтық қағидаттарында көрсетілуі тиіс ("мемлекеттік қызметтер туралы"Заңның 3-бабы).
Құрметті қызмет алушылар!
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіздер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментіне келесі номірлер арқылы жүгіне аласыздар:
8 777 749 09 08 WhatsApp
8 (7222) 35-41-68
Telegram Bot EgovKzBot2.0
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Х. Дәулетқалиев