Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Үйлестіру кеңесінің отырысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды

29-10-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, сарапшылар және ЖРО басшылары жастарды қолдауға бағытталған өзекті мәселелер мен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, жастардың даму индексі, NEET санатындағы жастармен жұмыс және тағы басқа мәселелер қарастырылды.

Кездесу барысында ЖРО-ның тиімділігі туралы да сөз етілді. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен оқыту курстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Биыл буллингтің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты материалдар жариялау жоспарланған.

Еске сала кетейік, Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыс сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жанынан құрылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив