Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қазақстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда

29-10-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы, Орталық Азия бойынша координаторы Серхан Актопракмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымымен өзара әрекеттестік, оның ішінде шетелдік азаматтардың көші-қоны және тіркеуі, шекаралық бақылау, заңсыз көші-қонның, адамдарды заңсыз тасымалдаудың және қанаудың алдын алу сияқты ынтымақтастық салаларының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары халықаралық ұйымның өкіліне Орталық Азиядағы көптеген көші-қон мәселелерін шешуге бағытталған Алматы процесіне белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив