Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Қазақконцерт Испанияда өнер көрсетті

29-10-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы және еліміздің Республика күнін мерекелеу аясында Мадрид қаласының ең танымал концерттік залдарының бірінде өнер көрсетті.

«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі – еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі. Ансамбль музыканттары тыңдаушыларды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, саз сырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және басқа да халық музыкалық аспаптарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Нұркен Яқияев.

Мадридте өткен концертте ансамбль жиналған қауым назарына ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Рухани кеш қаладағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив