Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Семейде әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

30-10-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен Әлеуметтік сала жүйесінің қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Семей қаласында әлеуметтік сала жоғары деңгейде дамып келеді. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық маман бұл салада еңбек етеді. Әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% азайды. Бұл жетістік аз қамтылған отбасылармен тікелей жұмыс істейтін әлеуметтік сала кеңесшілері мен қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

“Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықтысыздар! Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Мерекелік шарада бірқатар маман Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, Абай облысы әкімінің алғыс хаты, “Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын алды.

Семейде қазіргі таңда бірнеше жаңа әлеуметтік нысандар ашылды: атап айтқанда, мүгедектігі бар балаларға арналған реабилитациялық оңалту орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары ашылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив