Абай облысында 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыстар аяқталды
2024 жылы облыста жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге жылумен қамтуды дамытудың 28 жобасы жүзеге асырылуда. Осының аясында 37,9 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көзін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыс аяқталды, бұл осы жылдың жоспарының 100 пайызын құрайды.
2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін «Біріккен Энергосервис Компаниясы» АҚ 712,9 шақырым электр желілерін, сондай-ақ 15 қосалқы станция мен 105 трансформаторлық пунктті жөндеуді аяқтады. Сондай-ақ 24,1 шақырым су құбыры желілерінде жөндеу жүргізіліп, жоспар толығымен орындалды.
Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету де бақылауда: қазір қажетті көлемнің 51 пайызы дайындалды, яғни 567,9 мың тоннаның 290 мың тоннасы дайын. Көмір барлық сауда нүктелеріне күн сайын жеткізіліп отыр. Оның қоры 15,3 мың тоннаны құрайды. Облыстың жылу көздерінде қазіргі уақытта 119 мың тонна көмір жинақталған, бұл қажетті 595 мың тоннаның 20 пайызын өтеп, әрбір жылу көзі 10 күн бұрын нормативті қормен қамтамасыз етілген. Жылумен қамтамасыз ету шаралары бақылауда.