ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Абай облысынан 277 науқасқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті
Абай облысында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» медициналық акциясы жалғасуда.
Акцияның үшінші күні ҚР ПІБ МО Ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің жетекші дәрігерлері 223 облыс тұрғынын қабылдап, екі күрделі ота жасады. Жалпы, 28 қазаннан бастап 277 науқасқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ ҚР ПІБ МО жүйесінің білікті мамандары аймақтық медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне екі дәріс пен екі семинар ұйымдастырып, іс-шаралардан 217 адам қамтылды.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының қызметкерлері облыстағы медициналық мекеме басшыларымен бірқатар кездесу өткізіп, клиникалардағы жұмыс автоматизациясы мен клиентке бағдарланған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу қызметтерін таныстырды.
Мамандар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы білім беру объектілерінде тамақтан уланудың алдын алу және өндірістік бақылауды ұйымдастыру бойынша оқуды жалғастыруда. 30 қазан күні Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер бойынша тренинг өткізді. Іс-шараға барлығы 350 адам қатысты
«Оқжетпес» ЕСК» АҚ өкілдері облыстың 14 медициналық кәсіподақ ұйымына шипажайдың сауықтыру бағдарламаларын ұсынды.