Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

31-10-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Астана және Алматы қалаларында азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері қаралды. Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының балама баяндамалары алғаш рет тыңдалды. Бұл ашықтық пен өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.

Астана қаласының әкімдігі Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған жобалармен танысу мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды ұсынды. Кеңес мүшелері Алматы қаласы әкімдігінің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы оң тәжірибесін атап өтіп, осы тәжірибені елдің басқа өңірлерінде енгізуді ұсынды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруды қоғамдық бақылау, сондай-ақ оларды халықтың қажеттіліктеріне бағыттау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив