Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

XXI ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры

30-10-2024, 19:30 018.kz

Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамуы әртүрлі жастағы адамдардың өміріне, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ой-санасына айтарлықтай әсер етуде. Цифрлық құрылғылар мен интернетке қолжетімділіктің кеңеюі балалардың ақпарат алу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың психологиялық және әлеуметтік дамуына да ықпал етуде. Бұл құбылыс, бір жағынан, оң нәтижелер берсе де, оның зиянды жақтары да назардан тыс қалмауы керек.

Баланың санасын қалыптастыруда мектеп қана емес, ата-ананың да ықпалы зор. Ата-ана тек білім беру процесіне көмектесіп қана қоймай, өздерінің жылулығы мен мейірімін көрсетіп, балаға бағыт-бағдар беруі қажет. Өкінішке қарай, бүгінде көптеген ата-аналар балаларын гаджеттердің қолжетімділігімен тыныштандыруды ыңғайлы деп тауып, баланың эмоциялық қажеттіліктерін ескерусіз қалдырады. Бұл бала үшін отбасылық қолдаудың азайып, гаджеттер мен интернетті құндылықтар мен мінез-құлық нормаларының орнына қоятын жалғыз құрал ретінде қабылдауына алып келеді.

Цифрлық құралдардың артық пайдаланылуының ең өзекті мәселелерінің бірі – балалар мен жасөспірімдердің экран алдында тым ұзақ уақыт өткізуі. Көп уақыт гаджет артында отыру денсаулыққа ғана емес, психологиялық тұрақтылыққа да зиянын тигізуі мүмкін. Бұл тек балаларға ғана емес, ересек адамдарға, әсіресе, ер адамдарға да кері әсерін тигізеді. Мәселен, гаджеттер арқылы көп уақыт өткізу олардың ойлау жүйесін өзгертеді, өмірге деген көзқарасына әсер етіп, тәуелділікке алып келуі мүмкін. Әсіресе, желілерде көп көрінетін зорлық-зомбылық, агрессия, қатыгездік сияқты мазмұндар жасөспірімдердің бір-біріне деген қатынасын өзгертіп, аяушылық сезімін бәсеңдетуі мүмкін.

Әлеуметтік желілер мен ойындар арқылы зорлық-зомбылық мазмұнын көру балалардың психикасына кері әсер етіп, олардың агрессиялық мінез-құлқын қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар, желілердегі идеализацияланған бейнелер мен шынайылыққа жатпайтын ақпараттар балалар мен жасөспірімдердің бойында шынайы өмірден қашып, виртуалды әлемге құмарлық тудырады. Бұл олардың әлеуметтік дағдыларын әлсіретіп, айналасындағы адамдармен тікелей қарым-қатынас орнату қабілетін төмендетуі мүмкін.

Баланың дамуы үшін ең бастысы – эмоционалды қолдау көрсету, оны түсіну және өмірде өз жолын табуға көмектесу. Сондықтан ата-аналар балалармен жиі тілдесіп, оларға үлгі болып, өз уақытын саналы түрде гаджеттен тыс өткізуді насихаттауы қажет. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы ғана балаға рухани және саналы қалыптасуға мүмкіндік береді. Ата-ананың сүйіспеншілігі мен қолдауы арқылы бала өзіне сенімді бола түсіп, өмірге дайындығын арттыра түседі. Цифрлық әлеммен байланысы сақтала отырып, ол баланың бойында өзін-өзі басқару, жауапкершілік және шынайы құндылықтарды бағалай білу қабілетін дамытуы тиіс.

Аяжан АБЕТОВА

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив