Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін, 09:00 Сая Қанатқызы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары, Семей қаласы әкімдігінің және «Отбасы банкі» өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік, медицина және білім салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Абай облыстық дизайнерлер одағының қызметін жандандыруға, полиция ғимаратын жөндеуге, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы қабылдауда 20-ға жуық азаматтың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, қала-аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив