Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Мұрат саяжайының қордаланған мәселесі шешілмек

31-10-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев Мұрат саяжайының тұрғындарымен қала әкімдігінде кездесу өткізді. Жиынға тиісті бөлім басшылары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұрат саяжайының басты мәселесі – электр желісін орнату. Бүгінде саяжайға 6 трансформатор орнатылып, құжаттар әзірленуде.

Сонымен қатар, Бобровка және Мұрат саяжайларында жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын электр желілері тартылып, 7000 үйді қамтыды (Бобровка – 5000 үй, Мұрат – 2000 үй).

«Мұрат саяжайының тұрғындарымен сайлау алды бағдарламам кезінде кездесу өткізген едім. Мәселелеріңіз назар тыс қалған емес. Сіздермен әрқашан байланыстамыз», – деді Әділет Қожанбаев.

Және кездесу барысында жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік сынды мәселелер де айтылды. Қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің бақылауда екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив