Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Семейде әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды

1-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.

Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға бағытталған 2 005 000 теңге көлемінде гранттық қолдауының арқасында іске асырылды. Сондай-ақ жобаны «Абай облыстық еңбек ұтқырлығы орталығы» ММ және «Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі де қолдап, әлеуметтік салада бизнес-идеяларды дамыту үшін 1 476 800 теңге көлемінде грант бөлді.

Жоба аясында үш бөлме жасақталды. Олардың ішінде күнделікті өмірлік маңызды дағдыларды үйренетін әлеуметтік бағдарлау бөлмесі (ӘББ), сөйлеуді дамыту және психоэмоционалды дамытумен жұмыс істейтін психолог және логопед-дефектолог кабинеті, дене дамуы мен үйлестіруге бағытталған бейімделген дене шынықтыру кабинеті бар.

Тілі мүкіс, аутизм және басқа да психикалық ерекшеліктері бар балалар үшін сыныптардағы сабақтар аптасына екі рет тегін өткізіледі. ӘӘБ кабинетінде әртүрлі жастағы балалар үшін 4 адамнан тұратын үш топ, психолог кабинетінде 6 бала, логопедке 5 бала, бейімделген дене шынықтыру сабағына 6 баладан екі топ қабылданады. Жыл соңына дейін қолдауды қажет ететін 100-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив