Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев «Астана Операда» концерт берді

1-11-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Операда» әлемге әйгілі скрипкашы әрі дирижер, Қазақстанның ізгі ниет елшісі Марат Бисенғалиевтің бірегей «Симфониялық концерті» өтті.

Концерттік бағдарламада «Дала», «Air», «Би», «Абай», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қарлығаш», «Дударай» секілді танымал композициялар қамтылды. Сондай-ақ, іс-шараға Арухат Мусаипов, мультиаспапшылар Серік Нұрмолдаев, Анар Қасымова, Абзал Арықбаев пен Асқар Солтанғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов және жас вокалист Анна Юденич қатысты.

Концерттің ерекшелігі оның айрықша акустикалық шешімінде болды. Марат Бисенғалиев авторлық жұмысы ретінде квадродыбыстау әсерін паш етті. Бұл – оркестр мен хордың жекелеген топтарының сахнада ғана емес, залдың арнайы акустикалық аймақтарында орналасуы. Ол голографиялық дыбыс жасап, эмоциялық тұрғыда тыңдармандарға ерекше әсер етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив