ШҚО құтқарушылары аймақтағы су тасқыны жағдайы туралы айтты
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте Қазгидромет филиалының деректері бойынша облыстың 6 ауданында: Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Өскемен қ., Ұлан және Күршім аудандарында топырақтың қату тереңдігі 50 см-ден астатындығы, қар жамылғысының қалыңдығы 8 см-ден (Зайсан ауданы) 87 см-ге дейін (Алтай ауданы) байқалатынын хабарлады.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 14 047 адам тұратын 5 007 тұрғын үй орналасқан тасқын су басуы ықтимал 71 елді мекен анықталды. Жергілікті атқарушы органдары өткізген іс-шараларды нәтижесінде 15 елді мекенде қауіп жойылды, 46 елді мекенде қауіп азайтылды.
Облыс әкімінің нұсқауы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері 140 км каналдарды және 376 км арықтарды тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізді. Автомобиль жолдарында 1688 су өткізу құрылыстары, темір жолдардағы 90 су өткізу құрылыстары, 299 көпір тазартылды. Республикалық жолдар бойынша 334 су өткізу құрылыстары, 85 көпір тазартылды. Облыстық жолдарда 1545 су өткізу құрылыстары, 85 көпір тазартылды. 454 мың текше метр қар шығарылды, 53 мың дана қап, 2 мың тоннадан астам инертті материалдар, 251 тонна ЖЖМ дайындалды.
Алдын алу іс-шаралары шеңберінде жару жұмыстары облыстың барлық жоспарланған аудандарында, атап айтқанда Шемонаиха ауданында 5 учаскеде, Күршім ауданында 3 учаскеде, Алтай ауданында 5 учаскеде және Катон-Қарағай ауданында 1 учаскеде жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен ШҚО ТЖД қызметкерлерінің және тиісті ұйымдардың мамандарымен Глубокое ауданының, Риддер қаласының, Алтай ауданының, Катон-Қарағай, Күршім аудандарының және Самар ауданының су тасқыны қаупі бар жерлеріне әуеден барлау жүргізілді.
Әуеден барлау кезінде жазық аумақта қардың белсенді еру кезеңі жүріп жатқаны анықталды.
Барланған аумақтарда өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ. Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларының беттері мұзбен жабылған. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады.
Су тасқыны жағдайы қиындаған кезеңге жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінен жеке құрам саны 1 719 адамнан, 756 бірлік техникадан, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар топтарстырылды, жалпы сыйымдылығы 14530 адамды құрайтын 121 халықты уақытша орналастыру пункті анықталды.
Су тасқыны кезеңіндегі іс әрекет туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Департамент қызметкерлері тұрақты негізде аулаларды аралап жиындар өткізеді, бүгінгі күні 15 мыңнан астам аулаларды аралау жүргізілді, нәтижесінде 11 мыңнан астам жаднама-ұсынымдар таратылды, Халықпен 356 жиын өткізілді.