Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әкімшілік реформа туралы заң жобалары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған

14-03-2023, 16:43 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Сүйіндік Алдашевтің төрағалық етуімен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасы мемлекеттік органдар өкілеттігінің аражігін ажырату арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Онда «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңдарға түзетулер көзделіп отыр.

Заң жобасын қабылдау реттелетін салаларда шешімдер қабылдау барысында мемлекеттік органдардың икемділігін, жеделдігі мен дербестігін күшейтуге мүмкіндік беретін болады.

Отырыс барысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.

Заң жобасы шешімдер қабылдау кезінде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен жеделдігін арттыру арқылы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі жаңа әкімшілік реформаны іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиісті деңгейлерінің дербестігін арттыруға және мемлекеттік органдар басшыларының дербес жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив