Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте жаңартылатын энергетика, суды тұщыту және «жасыл» сутегі өндіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

2-11-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ACWA Power компаниясының бас директоры Марко Арчеллимен кездесу өткізді.

ACWA Power компаниясы – суды тұщыландыру бойынша әлемдегі ең ірі жеке компания және дәстүрлі энергия көздерінен экологиялық таза технологияларға көшу саласындағы көшбасшы, соның ішінде «жасыл» сутегі өндіруде жетекші компания болып табылады.

Марко Арчелли ACWA Power компаниясының Қазақстандағы инвестициялық портфелін кеңейтуге дайын екенін және жаңартылатын энергия, суды тұщыландыру және «жасыл» сутегі өндірісі салаларында ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның кең табиғи ресурстарымен және стратегиялық орналасуымен осы технологияларды дамытудағы үлкен әлеуетін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі ACWA Power компаниясымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін және алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынасқа дайын екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив