Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Zijin Mining» компаниясының өкілдерімен кездесті
1 қарашада жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстелдің (KGIR-2024) алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Zijin Mining»компаниясының халықаралық істер жөніндегі бірінші бас директоры Ляо Цзяншэн мырзаменкездесуі өтті.
«Zijin Mining» бүкіл әлем бойынша алтын, күміс, мыс және басқа да минералды ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеуге және сатуға маманданған және Қытайдың екінші ірі трансұлттық алтын өндіруші конгломераты болып табылады.
Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр, содан кейін олар металдарды балқыту үшін Қазақстан Республикасының металлургия зауыттарына жіберілетін болады.
Бұдан басқа, компания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті, бұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Тараптар жоғарыда аталған жобаларды одан әрі пысықтау мен дамытудағы өзара қызығушылықты атап өтті. Өз кезегінде Министр бірлескен ынтымақтастыққа толық дайын екендігіне және Қазақстан Республикасының шетелдік бизнес қауымдастықтар үшін инвестициялық тартымдылығын атап өтті.