Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды

2-11-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.

Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив