Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті

4-11-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.

Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив