Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан СІМ басшысы Корея Республикасына ресми сапармен келді

4-11-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен келді. Сапар шеңберінде ол ел басшылығымен кездеседі және Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысады.

Сапардың бірінші күні қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында ҚР СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.

«Hyundae Hospital» компаниясының басшылығымен кездесуде Алматы облысында 200 орындық көп бейінді аурухана салу жобасы талқыланды, оны қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарлануда. М. Нұртілеу бұл жобаның Қазақстанның әлеуметтік саласы үшін маңыздылығына назар аударып, аурухана құрылысы корей моделі бойынша медициналық қызметтер жүйесін жақсартатынын және озық технологияларды қолдануды қамтамасыз ететінін атап өтті.

«With You E&C» компаниясының өкілдерімен 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болатын Қызылорда облысында қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Зауыт экологиялық жағдайды жақсартуға және аймақ экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады. Компания сондай-ақ жобаны кеңейтуге және Қазақстанның басқа облыстарында ұқсас зауыттар құруға дайын екенін білдірді.

«Sejong» және «Seoyon E-HWA» компанияларының басшыларымен кездесулер барысында Қостанай облысында автокомпоненттер өндіру бойынша жобалар талқыланды. Корей әріптестері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытып, жаңа технологияларды табысты игеру үшін жергілікті кадрларды оқытуға дайын екендігін білдірді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақстандық Үкімет Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін осы бастамаларды табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив