Қазақстан экономикасының өсімі қаңтар-ақпан айларында 4,3% құрады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі
Нақты сектор - 2,7%
Қызмет көрсету саласы – 5%
Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Ең жоғары өсім:
Сауда - 11,5%
Ақпарат және байланыс - 12%
Құрылыс - 12,8%
Инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2%-ды құрады.
Өнеркәсіп – 14,1%
Тау-кен өнеркәсібі – 12,2%
Ауыл шаруашылығы – 33,1%
Жылжымайтын мүлік операциялары – 12,1%
Көлік және қоймалау – 72,8%
Өңірлердегі ең жоғарғы көрсеткіштер:
Ұлытау облысы - 73,6%
Маңғыстау облысы - 68%
Павлодар облысы - 60%
Қарағанды облысы - 49,5%
Сыртқы сауда
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ға өсіп, $10,3 млрд. құрады.
Экспорт 0,4%-ға өсіп, $6,1 млрд. құрады.
Өңделген тауарлардың экспорты 21,5%-ға, $2,1 млрд. өсті.
Тауарлар импорты $4,2 млрд. жетті.
Өңдеу өнеркәсібі өсудің оң қарқынын сақтап отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ға өсті
Оң өсім 16 өңірде тіркелді
Ең жоғары көрсеткіштер:
СҚО - 25%
Алматы облысы - 15,4%
Ұлытау облысы - 19,3%
Алматы - 24,1%
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша көрсеткіштер
Машина жасау - 31,5%
Азық-түлік өндіру – 9,6%
Мұнай өңдеу өнімдері – 5,4%
Сусындар – 22,6%
армацевтика өндірісі – 16,7%
Жеңіл өнеркәсібі – 34,3%
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5% өсті
Бұл ретте көмір өндіруді (-15%) қоспағанда, барлық салалар бойынша өсім байқалады
Мұнай - 0,1%
Газ - 1,1%
рындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға ұлғайды
Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң динамика тіркелді
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 2,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға жоғары
Ауыл шаруашылығындағы өсім - 3,9%.
Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді
Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде байқалады:
Абай облысы
БҚО
Маңғыстау облысы
Павлодар облысы
Алматы
Шымкент
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:
Инфляцияға қарсы ден қою шараларын күшейту және жеміс көкөніс өнімдеріне бағаның алып-сатарлық маусымдық ауытқуына жол бермеу
Экономика салаларында өсудің оң қарқынын сақтау жөніндегі шараларды іске асыру, көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуде кешенді қолдау көрсету
Шикізат емес экспортты жан-жақты қолдау және баламалы экспорттық бағыттарды ұлғайту
Су тасқынына қарсы іс-шараларды тиімді жүзеге асыру және т.б.