2028 жылға қарай Абай облысында 7 мың жұмыс орны құрылады
Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, 2028 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталды, оған 7 мың жұмыс орнын қамтитын 2 трлн теңгенің 23 жобасы енгізілді. Бүгінде 7,5 млрд теңгенің 6 инвестициялық жобасы іске асып, 225 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 1,6 млрд теңгеге тағы 2 жобаны енгізу жоспарлануда.
«Ірі инвестициялық жобалардың бірі – жалпы көлемі 560,5 млрд теңгені құрайтын «Айдарлы» мыс кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу. Бұдан басқа, маусым айында Үкіметте 1,5 млрд долларға ірі мыс балқыту зауытын салуға келісімге қол қойылды. Жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна мыс шығару. Бұл екі жоба әлемдегі ең ірі мыс кеніші мен заманауи мыс балқыту өндірісін біріктіретін кластер болады», - деді Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тағыда оқыңыз
Үржар аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыЖыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамытуҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы