Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай облысында жыл соңына дейін 64 жаңа МСАК нысаны пайдалануға беріледі

4-11-2024, 15:44 Думан Кенжеғазыұлы

Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құрылысы салаларындағы жұмыстар туралы хабардар етті. 

Атап айтқанда, өңір басшысының айтуынша,

 - алдағы үш жылға 148 көпқабатты тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, бұл 7 мыңға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- жыл соңына дейін салынып жатқан 4 «Жайлы мектептің» үшеуі пайдалануға беріледі;

- көпфункционалды Оқушылар сарайы салынуда;

- 65 МСАК нысанын салу жоспарланған, оның 64-ін жыл соңына дейін іске қосу өзделген. 

«Жедел медициналық жәрдем ауруханасы жасанды қан айналым аппаратымен жабдықталды. Ол жүрек аурулары кезінде қан айналымын толық тоқтатып, жүрекке ашық ота жасауға мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде 78 ота сәтті жасалды. Сондай-ақ, жұмсақ тіндердің ұзақ емделетін ақауларына арналған күрделі реконструкциялық пластикалық оталар жасау тәжірибесі қалыптасты», - деді Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өңір әкімі сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының арқасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 2022 жылмен салыстырғанда 37,4%-ға төмендегенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив