Абай облысының әкімі: облыс құрылған сәттен бастап 10 спорт нысаны ашылды
«Облыста спортпен жүйелі айналысатындар саны 42% құрайды. Облыс құрылған сәттен бастап 10 спорт нысаны ашылды», - деді облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін демеуші есебінен Үржар ауданында 5 спорт залы ашылады. 3 жүзу бассейні салынуда. Облыс орталығында 12,5 мың орындық стадион құрылысы басталады. Инвестор қаражаты есебінен жаңа жабық толық өлшемді футбол манежін құрылысы аяқталуда.
«Манеж «Елімай» академиясының балаларына жыл бойы футболмен айналысуға мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар мәдениет саласы да дамып келеді: креативті индустрия паркі құрылды, «Абай жолы кітапханасы» бірегей жобасы аясында арнайы кітап сериясы екінші жыл қатарынан шығарылып, қалың оқырманға жол тартып отыр, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы археология институты және Шәкәрім университімен меморандумға қол қойылды, оның аясында археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізіледі.
Тағыда оқыңыз
Абай облысына бұл жоба қажет болды – «Елімай» ФК табысы туралы сарапшыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіЕлімай: Бірінші лига ойындарының 2023 жылғы күнтізбесі жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!