Семей қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді: құжат цифрлық форматта әзірленді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, биыл 67 аула мен 4 қоғамдық кеңістік жаңартылды. Мұхтар Әуезов алаңы жөнделді. Облыс құрылған сәттен бастап 105 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Семейдің өзіне тән ерекшеліктері болған. Ол барша жерлестеріміздің жадында сақтаулы. Естеріңізде болса, былтыр аралдағы балалар теміржолын қайта жаңғыртамыз деп айтқан едім. Темір жол құрылысы аяқталды. Вагондар мен локомотив алынды. Жоба іске қосылуға дайын. Сол сияқты аспалы көпір маңындағы Аквапарк те, семейліктердің сүйікті демалыс орны болған. Оны да жеке инвестор есебінен жаңартқымыз келеді», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, облыстың елді мекендерін көгалдандырудың өңірлік жоспары бекітілді, оның шеңберінде ағымдағы жылы 53 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналған