Нұртай Сабильянов 2004-2020 жылдар аралығында депутат ретінде не істеді?
НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВТЫҢ 2004-2020 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1. Халықтан 9 700 өтініш пен хат келіп түсті. Барлығына жауап берілді, көптеген мәселе шешімін тапты.
2. Шығыс Қазақстан облысының (қазіргі Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы) 450 елді мекеніне барып, халықпен 1 200 ашық кездесу өткізді.
3. Парламент Мәжілісінде, партияның қоғамдық қабылдауында, өңірлерде болған кездесулерде 6 270 азаматты жеке қабылдап, олардың мәселелерін шешуге атсалысты.
4. Заң жобаларына берген 5 140 ұсынысы қабылданды. Олардың ішінде Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысында 65 мектеп және балабакша салу, 120 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық, мәдениет, спорт салаларында 40 объектіні салу, тұрғын үй құрылысы, заң жобаларын жетілдіру туралы және тағы да басқа ұсыныстар қабылданды.
5. Көптеген өзекті мәселе бойынша 310 депутаттық сауал жолданды.
6. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдерін, дәрігерлерін, теміржолшыларын, шекарашыларын, мектеп оқушыларын, балалар үйінің тәрбиеленушілерін (барлығы 550 адам) өзінің жеке қолдауымен Астана қаласына шақырып, қалада экскурсия ұйымдастырды. Парламент Мәжілісі депутаттарының қызметімен таныстырды.
7. Депутаттың жетекшілігімен 170 студент Парламентте практикадан өтті.
8. Республикалық маңызы бар жолдарға қатысты: «Таскескен-Бақты» жолына күрделі жөндеу (реконструкция) жүргізілді; «Баршатас - Аягөз» Тарбағатай жолының 180 шақырымы жөнделді; «Семей – Қайнар» жолының 190 шақырымы жөнделді; Павлодар - Семей - Қалбатау жолына реконструкция жүргізілді.
Мынадай заңдар мен нормаларды қабылдауға белсене атсалысты:
9. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округтерге дербес бюджет енгізілді. Бұл - елді мекендерді дамытуға бағытталған шара.
10. «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң қабылданды.
11. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жақсартуға бағытталған заңқабылданды. Көппәтерлі үйлерді басқару үшін меншік иелеріне мүлік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік құруға мүмкіндік берілді. Жергілікті бюджет каражаты есебінен көппәтерлі үйлердің сыртын және шатырын жендеу, кондоминиум объектілерін тіркеу жұмыстары жүргізілетін болды. Лифттерді жөндеу және ауыстыру жергілікті бюджет есебінен қайтармалы негізде жүзеге асыру қарастырылды.
12. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы Парламенттік тындаулар еткізіліп, осы саладағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары талқыланды. Үкіметке тиісті ұсыныстар жолданды, заңдарға өзгерістер енгізілді, қосымша қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде 2017 - 2020 жылдары республикалық бюджеттен 800 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылды. Олардың ішінде Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысынын елді мекендері де бар.
13. Көп балалы аналарға бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығын беруге, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған заң нормалары қабылданды.
14. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы норма қабылданды. Бұл шара өңірлердің дамуына оң әсерін тигізетін болады.
15. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жақсартуды, дауларды реттеуді, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды және жауапкершілікті нығайтуды көздейтін нормалар қабылданды.
16. Ауылдық елді мекендерде, автомобиль жолдарының бойында интернеттің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында заңдарға тиісті нормалар енгізілді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының 125 елді мекені интернетпен қамтамасыз етілді.
17. Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, медициналық көмек алуға, инвестициялық басқаруға беруге бағытталған заң қабылданды. Нәтижесінде азаматтар 2 трлн. теңгеден аса зейнетақы жинақтарын пайдаланды.
18. Микроқаржы қызметін лицензиялау, қаржы ұйымдарының қызметтерін реттеу және бақылау туралы нормалар қабылданды. Бұл өзгерістер көптеген несие беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттырды.
19. Туризм саласын дамытуға, соның ішінде әкімшілік кедергілерді азайтуға, туристік нысандарды салуға және қаржыландыруға, туристік объектілерге баратын жолдарды жөндеуге байланысты заңдарға өзгерістер енгізілді.
20. Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы ұсыныс қабылданып, оған республикалық бюджеттен 2007 - 2009 жылдары 14 млрд. теңге бөлінді. Халыққа медициналық көмек көрсету көлемі ұлғайды, жаңа денсаулық сақтау объектілері салынды. Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұратын үйлерді тегін жекешелендіруге мүмкіндік беретін норма қабылданды (2011 ж.). Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығында кемінде 5 жыл тұрған (бұрынғы нормаға сәйкес 10 жыл болған) азаматтарға: ерлерге 50 жаста, әйелдерге - 45 жаста зейнеткерлікке шығу құқығы берілді.
21. «Өскемен – Шар» теміржолын салуға заңнамалық колдау көрсетілді. Салық жеңілдіктері, тиісті қаражат қарастырылды.
22. Ақтоғай, Әуезов, Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ және т.б. кенттерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ауылдық елді мекендер үшін көзделген жеңілдіктерді пайдалануына бағытталған нормалар қабылданды (2007 ж.).
Депутаттық қызметі кезінде Парламент Мәжілісінде қаралған басқа да заң жобаларының талқылауына белсене қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.С.Сабильяновтың сайлау қорынан төленді.