Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан мен Францияның сыни ресурстар мен материалдар бойынша стратегиялық әріптестігінің Жол картасына қол қойылды

6-11-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Елисей сарайында Қазақстан мен Франция арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған сыни ресурстар мен материалдар саласындағы стратегиялық әріптестіктің Жол картасына қол қойылды.

Жол картасының мақсаты-тұрақты жеткізу тізбегін құру, олардың тұрақтылығын арттыру, ғылыми зерттеулер, білім беру және ESG-ынтымақтастық сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты нығайту. Серіктестік шеңберінде шикізатты барлау және өндіру, электрондық сынықтар мен магниттерді қайта өңдеу, аккумуляторлар өндіру және «жасыл стандарттарға» көшу жөніндегі жобалар көзделген.

Сондай-ақ, Францияның сыни металдар қоры мен АФД қатысуымен Тау-кен және металлургия компанияларына бірлескен инвестициялар жоспарлануда.

Жол картасы сыни шикізатты өндіру мен өңдеуді дамытуға, геологиялық зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив