Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Облыс әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау жөнінде семинар-брифингі өтті

8-11-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімдігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде семинар-брифингі өтті. Шара қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, әкімдіктердің дербес бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Брифинг барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтарды қарау барысында туындайтын мәселелерді айтты. Олардың көпшілігі тек нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары шағымдар мен өтініштерді қарау кезінде кездесетін қиындықтарға да қатысты болды.

Кездесудің мақсаты – әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талдау, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу. Талқылау барысында нормативтік талаптардың сақталуына да, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтарға да қатысты мәселелер көтерілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив