Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада келіссөздер жүргізді

8-11-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесі талқыланды.

Кездесуде РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте министрлер стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту үшін жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздердің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары ҚР Сыртқы істер министрлігі мен РФ Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив