Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

ҮЕҰ өкілдері жастар саясаты мәселелерін талқылады

8-11-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада «Ұстаным» пікірталас клубы «Қазіргі жастардың өзекті мәселелері» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Отырысқа үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік сектор өкілдері, ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, жастар мәселелері және басқа да салалардың сарапшылары қатысты.

Клуб қатысушылары жастардың әлеуметтік жауаптылығы мәселелерін талқылады.

Сарапшылар жастардың өз бетінше өмір сүруіне және өз болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуына, эмоционалды интеллект пен психологиялық тұрақтылығына ерекше көңіл бөлді.

Отырыс ашық пікірталаспен аяқталып, онда қатысушылар жастар саясатындағы ахуалды жақсартуға қатысты ұсыныстар айтып, ой алмасты.

Қоғамдастық пен сарапшылардың пікірталасқа белсенді қатысуы тақырыптың Қазақстан жастары арасында оң құндылықтар мен пікірлерді қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив