Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

2024 жылдың 10 айында 210 млн тоннадан астам жүк т/ж көлігімен тасымалданды

8-11-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде тиеу 213,5 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Ел ішінде темір жол көлігімен шамамен 140 млн тонна тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% жоғары. Экспортқа 73,7 млн тонна жөнелтілді. Тас көмірдің 83,1 млн тоннадан астамы тиелді. Оның ішінде республика бойынша тиелгені - 58,9 млн тонна. Қатты отын экспорттық жөнелтілімдері 24,2 млн тоннаға жетті. 

7,9 млн тонна астық тиелсе, оның ішінде экспортқа 6 млн тонна тасымалданды. Ел ішінде астық тасымалдау 11,7%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Ұнтақ өнімдерін тиеу 2,3 млн тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа  1,7 млн тоннасы тасымалданды. 

10 айда мұнай жүктерін тиеу 2,3%-ке, 16 млн тоннаға дейін, қара металдарды тиеу 3%-ке, 3,7 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганец тиеу 1,4%-ке, 17,6 млн тоннаға дейін, түсті кен тиеу 9,8%-ке, 20,6 млн тоннаға дейін ұлғайды. 

Қазан айында жалпы тиеу 23,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% жоғары. Өткен жылғы астық тасымалдау деңгейіне қарағанда биылғы көрсеткіш 29,2%-ке, 1,2 млн тоннаға дейін, тас көмір 1,1%-ке, 9,8 млн тоннаға дейін өсті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив