Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
508.05 534.82 5.06

Жемқорлықсыз әскерге шақыру басты назарда

8-11-2024, 16:17 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде күзгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатқанына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық сабақ өткізілді.

​​Аталмыш тақырып аясында өткізілген профилактикалық сабақта Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицері әділет аға лейтенанты Тахир Жаңабеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек екендігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар әскерге шақыру науқаны кезінде заң бұзушылыққа итермелейтін фактілерінің куәсі немесе ақпаратын білген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керек екендігін тілге тиек етті.

​Жиын соңында Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы майор Жасұлан Қожахметов жеке құрамға заң талаптарын, жаза түрлерін, алдын алу шаралары туралы ойларымен бөліскен қонаққа алғысын білдіріп, рахметін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив