Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
508.05 534.82 5.06

Кітап жауһарлары – құнды мұралар: экспозициялық көрме

8-11-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 8 қарашасы күні Татарстандағы «Абай облысының мәдениет күндері» аясында, Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы «Кітап жауһарлары – құнды мұралар» атты кітап көрмесін Қазан қаласындағы Ғабдолла Тоқайдың Әдеби мұражайында көпшілік оқырман назарына ұсынды.

Шараның ашылу салтанатында Қазан қаласының зиялы қауым өкілдері қатысып, ескі Қазан қаласының басшысы А. Файзов, Татарстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы З. Мансуров, филология ғылымдарының профессоры Х. Миннегулов  және Абай облысынан Абай кітапханасының директоры М. Қарт құттықтау сөз сөйледі.

«Кітап жауһарлары – құнды мұралар» атты экспозициялық көрмесі «Ғасырлармен  үндескен асыл қазына» және «Қазан қаласында жарық көрген құнды басылымдар» атты екі бөлімнен жасақталған.

Кітап көрмесін таныстыру Семей қаласының тарихы мен мәдениеті және көрікті жерлерін  таныстырудан басталды. ХХ ғасырдың басындағы Алаш-Орда ұлт-азаттық қозғалысының пайда болуы және тәуелсіз қазақ мемлекетін құру, ұлттық дәстүр мен мәдениетті сақтауды мақсат еткен, астанасы Семей болған Алаш автономиясының тарихын туралы маңызды мағлұматтар берілді.

Барлық ақпараттар қолжетімді слайд арқылы көрсетілді. Көрменің мақсаты тарихи кітапхана қорындағы көне жәдігер – кітап ескерткіштерімен көпшілік қауымды кеңінен таныстыру.

Көрменің «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» бөлімі Абай Құнанбайұлына арналып, «Отчет Совета общества попечения о начальном образовании в г. Семипалатинске за 1893–94 гг.: седьмой с основания общества», «Памятная книжка Семипалатинской области на 1897 год: с картой области», «Памятная книжка Семипалатинской области на 1900 год», 1907 және 1927 жылдары жарық көрген «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского Русского Географического Общества» және басқа да басылымдар беттерінде Абайдың әдеби өмірі ғана емес, оның қоғамдық қызметі де айшықталған. «Абай сусындаған кәусарлар» бөлімінде 1895 жылы жарық көрген Г.Х. Андерсеннің, 1895 жылы шыққан Г.Т. Бокльдің, 1873 жылы шыққан Г.Т. Дрэпердің,   1870 жылғы Н. Пржевальскийдің еңбектерімен танысуға болады.

«Қазан қаласында жарық көрген құнды басылымдар» атты екінші бөлімде ХХ ғасырдың басында Қазан қаласында жарыққа шыққан, Абай кітапханасының сирек қорында сақталған араб, латын қаріптерімен  басылған Ресей мен Татарстан тарихы, оқу-ағарту және өткен ғасырдың басындағы Татарстанның медициналық әдебиеті мен көркем әдебиеті туралы сыр шертетін туындылар ұсынылды.

Көрмеге келушілер назарына ұсынылатын басылымдардың ішінде 1919 жылғы, «Ресей тарихы», 1923 жылғы Ғ. Ғұбайдуллиннің «Татар тарихы», 1925 жылғы М. Жәлелдің «Біз барабыз» өлеңдер жинағы, 1936 жылғы Г.Ибрагимовтың «Қазақ қызы. Қызыл шәшәкләр» атты шығармаларымен  көпшілік  оқырман таныса алды.

Электронды форматта жасанды интеллект көмегімен аудиторияға Абай атындағы кітапхананың «Абай жолы» жобасы ұсынылды. Электронды толықмәтіндік нұсқасын  Абай атындағы кітапхананың https://semeylib.kz/ сайтынан оқуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив