Cемей-25°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.72 544.09 5.2

Бизнес өкілдері Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасында тәжірибе алмасты

11-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына барды. 1992 жылы құрылған бұл ұйым жиырма жылдан астам уақыт бойы аймақтың бизнес ортасын қолдау мен дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Абай облысының ресми делегациясы мен Татарстан Республикасының іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев, Татарстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының төрағасы Шамиль Агеев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов пен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев Абай облысының инвестициялық, аграрлық әлеуеті туралы баяндады.

«Абай облысы – тау-кен өнеркәсібі және туристік нысандарымен, соның ішінде Алакөл көлімен әйгілі Қазақстанның ең жас өңірлерінің бірі. Аймақтың транзиттік әлеуеті де күшті. «Аягөз – Тачен« теміржол жобасының болашағы зор. Толық инфрақұрылымы бар «Өндіріс» индустриялық аймағы өнеркәсіптік инвесторларға қолжетімді. Әкімдіктің қолдауымен бизнеске қолайлы жағдай жасалған. Біздің ынтымақтастығымыз екі тарапқа да тиімді болатынына сенімдіміз», - деді Рүстем Ворошилов.

Абай облысында биыл 432,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл жалпы көлемнің 5,7 пайызын құрайды. Облыс мал шаруашылығы бойынша жетекші орынға ие және 75,1 млрд теңгеге төрт агроөнеркәсіптік жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. 768 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде етті өңдеу, күнбағыс майы, мал азығын өндіру кешендері бар. Жүн мен терінің бай қорын негізге ала отырып, желатин шығаратын цех салу жоспарлануда.

Абай облысының делегациясы В2В форматында кәсіпкерлікті дамыту, сараптамалық қызмет және инфрақұрылым мәселелерін талқылай отырып, татарстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сапар өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етіп, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жаңа перспективаларына жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив