Cемей-25°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.72 544.09 5.2

Қарулы күштерде жас сарбаздар әскери ант берді

11-11-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтау қаласында күзгі әскерге шақырылған 200-ден астам теңізші, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Қонаев гарнизондарында 1200 десантшы Отанына адал болуға ант берді.

Әскери теңізшілер үшін салтанатты іс-шара Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ақтауда Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 217 жас теңізші әскери ант берді.

Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Борамбаев жас теңізшілерді мерекемен құттықтады.

 – Жастарға әскерде қызмет ету қажет, өйткені мұнда ер мінездің негізі қаланады. Отанға, отбасы мен халыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді. Олар өмірлік тәжірибе алаып, жан-жақты жетіліп шығады, – деп атап өтті генерал-майор Серік Борамбаев.

Оралдық Нұрлы Сапарованың осымен бесінші ұлы әскер қатарына шақырылып, сарбаз атанып отыр. Бұған дейін отбасының үш үлкені Отан алдындағы борышын өтеген. Төртінші ұлы қазір Атырауда қызмет өткеруде. 

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде 1200 әскерге шақырылушы ант берді. Алматыдағы Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдау бригадасының плацына әскери қызметшілер, сарбаздардың туыстары мен жақындары көптеп жиналды.

– Сіздер, жас десантшылар, аға буынның ерлік эстафетасын қабылдап отырсыздар. Ант беру арқылы толыққанды жауынгер атанып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға жауапты боласыздар, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Раджан Жанысов.

Сымдай тартылған жас десантшылардың еңсесі биік, көңілдері көтеріңкі.

 – Бір ай ішінде ұлымыз нағыз жауынгер болыпты, әрі бойынан байсалдылық байқалады. Ол үшін командирлеріне рахмет. Бұл солардың еңбегінің нәтижесі деп білемін, – деді қатардағы жауынгер Руслан Бузенюстің анасы Ләззат Исмагулова.

Жас сарбаздарды құттықтаған қатардағы жауынгер Әлинұр Тілеуқабылұлының әкесі Әсімхан Тілеуқабылов осыдан 31 жыл бұрын дәл осы плацта әскери ант бергенін еске түсірді. 1995 жылдың маусым-қыркүйек айларында Таулы Бадахшанда болып, тәжік-ауған шекарасын күзеткенін айтты.

Әскерге шақырылуышылар бір айлық жауынгер курсынан өтті. Онда әскери жарғы талаптарымен танысып, сап дайындығына машықтанды. Сонымен бірге қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін зерделеді. Көздерін байлап, қаруды бөлшектеп-жинауды үйренді. Осының бәрін десантшылар салтанатты рәсім барысында көрсетті. Ал Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қонақтарға қару-жарақпен дефиле және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін ұсынды.

Жақындары сарбаз ұлдарының жетістіктерін мақтанышпен бақылап отырды. Көрсетілімдерден соң қонақтарға әскери бөлімдер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің қызмет жағдайлары таныстырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив