Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қазақстан шетелдік мамандар мен «неономадтар» үшін есігін ашуда

12-11-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді.

Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:

– «В9» визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;

– Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;

– Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін «неономадтар» үшін туристік виза;

– «С5» бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.

Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив