Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Мәжілісте ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында заңнамалық реттеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасы таныстырылды

13-11-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында министрлік әзірлеген ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы заңнамалық реттеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасы туралы айтып берді.

Министр аталмыш құжат 2022 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.

«Заң жобасы Министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін Министрліктің мойнындағы негізгі міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің Ережесімен реттелетін болады. Ұсынылып отырған заң жобасы алдарыңызға келмес бұрын тиянақты түрде сараптамадан өтіп, барлық мүдделі жақтармен барынша талқыланды. Ең бастысы – болашақ заңнама ел Президентінің мемлекет алдына қойған тапсырмаларын толық орындап, оның осы бағыттағы қызмет жүйесін едәуір жақсартуға бағытталған», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ Заң жобасы аясында креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін түзетулер де қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив