Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
493.85 519.04 4.97

1,5 млрд теңге жымқырған еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды

Кеше, 16:17 018.kz

Қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған.

«Биыл көктемде Астанадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim», «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды. Қайырымдылыққа жіберген қаражаттан Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis«, «Shangri», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде «Cartier» және «Louis Vuitton» сияқты брендтердің қымбат аксессуарларын сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған»,- делінген Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив