Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Үржар ауданында кезекте тұрғандарға жаңа екі пәтерлі үйдің кілті табысталды

15-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Үржар ауданында ауқымды тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңа екі пәтерлі үйдің кілті Алтыншоқы және Қазымбет ауылдарындағы кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал санатының өкілдеріне берілді.

Жалпы жоба аясында 12 елді мекенде 41 қос пәтерлі тұрғын үй салынуда. Құрылыс сапасына және жұмыстың уақытылы аяқталуына баса назар аударылуда.

«Бүгін біз жаңа үйге көшіп келіп жатырмыз. Балаларым жылы, кең үйде өссе, лайықты білім алса деп армандайтынмын. Бұл - біздің отбасымыз үшін ерекше оқиға. Баспана алғандардың барлығын құттықтаймын. Үйімізде әрқашан жақсылық болсын», - деді Алтыншоқы ауылының тұрғыны, көп балалы ана Әйгерім Сағымбаева.

Ұлттық жоба халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, болашақ ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив