ІІМ-де нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі талқыланды
ІІМ-де Ведомствоаралық есірткіге қарсы штабтың отырысында жоғары аудиторлық палатаның тексеру нәтижелері, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясындағы тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ өңір әкімдерінің орынбасарлары қашықтықтан қатысты.
Ішкі істер министрлігінің басшылығы көтерген мәселелердің бірі мемлекеттік шекарадағы есірткі қылмысына тосқауыл қою жөніндегі шараларды күшейту болды. Есірткі зертханаларында қолдануға ыңғайлы прескурсорлардың контрабандасына қарсы күрес бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қысқа мерзімде тексеру жабдықтарының санын көбейту қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты қажетті техникалық құралдарды сатып алуға бөлінген қаржыны уақтылы және толық игеру қажеттігі сөз болды.
Отырысқа қатысушылар жастарды есірткі тұтынуға тарту, оның ішінде “дәріханалық”түрлеріне тәуелді қылу фактілеріне алаңдаушылық білдірді. Денсаулық сақтау министрлігіне есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту жөніндегі жұмысты бақылауды күшейту, бұл ретте толық нашақорлар есебін қамтамасыз ету ұсынылды.
Оқу-ағарту министрлігінің оқу орындарында жүргізіп жатқан есірткіге қарсы жұмысы да талқыланды. Мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам осы мәселеде профилактиканың барлық қолда бар ресурстарын шоғырландыруға неғұрлым байсалды қарау қажеттігі ескертілді.
Жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берілді, атап айтқанда, есірткіге қарсы іс-шараларды қаржыландыру, әкімдіктердің мемлекеттік-құқықтық бөлімдеріне “жұмыс органдарының” функцияларын жүктеу, өңірлік штабтар мен соның қарауындағы бөлімшелердің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша кешенді жоспардың іс-шараларын уақтылы орындау жөніндегі қызметін жандандыру тапсырылды.