Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

ЕАЭО елдеріндегі цифрландыру – кедергісіз ішкі нарыққа апаратын жол

15-11-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен бизнестің ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен тиімді және жедел өзара әрекеттесуі мақсатында ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ИАЖ) құрылды.

Бұл жүйе деректерді ашық, ыңғайлы және жедел алмасуды қамтамасыз етеді. ЕАЭО елдері осы жобаны толыққанды іске асыруға ұмтылуда.

ИАЖ ЕАЭО аясында тауарлардың қозғалысына байланысты ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық, көлік және кедендік бақылау салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, бұл әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.

ЕАЭО ИАЖ-ды іске асыру экспорт жағдайды жеңілдетуге, өзара сауда көлемін арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға, тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою және олардың туындамауына мүмкіндік береді.

2015 жылы ЕАЭО аясында 21 ынтымақтастық бағыты бойынша ортақ процестер тізімі бекітілген болатын.

Ортақ процестер – бұл бір мемлекеттің аумағында басталып, басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын ақпараттық алмасу. Бұл процесс ЕАЭО ИАЖ арқылы қамтамасыз етіледі.

Жалпы, ЕАЭО-да 77 ортақ процесті іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні мүше мемлекеттер үшін 39 ортақ процесс қолжетімді.

Қазіргі уақытта 27 процесс дайындық кезеңінде, оның 14 процессі
2024 жылдың соңына дейін, ал қалған 13 процесс 2025 жылы іске қосылады.

Осылайша, 2025 жылдың басынан бастап мүше мемлекеттер
55 % ортақ процестерге қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Ортақ процестерді толық іске асыру ЕАЭО аясында кедергісіз ортаға қол жеткізудің бір жолы болып табылады.

ЕАЭО ақпараттық өзара әрекеттесу жұмысының аралық қорытындылары қараша айының 3-онкүндігінде ЕЭК Кеңесінің отырысында талқыланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив