Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«ЖасStar» коворкингінің ашылуы өтті

16-11-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Шәкәрім университетінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында студенттердің шығармашылығына арналған жаңа «ЖасStar» коворкингінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба белсенді жастарды қолдауға және олардың әлеуетін арттыруға бағытталған.

Коворкингте заманауи жұмыс алаңдары, демалуға және пікірталас өткізуге ыңғайлы орын, сондай-ақ іс-шаралар мен тренингтер өткізуге арналған аудиториялар бар. Мұнда студенттер өз идеяларын жүзеге асырып, жобалармен жұмыс істей алады, университет пен серіктестер ұйымдастыратын білім беру және мәдени шараларға қатыса алады.  

Коворкинг аясында іске асырылған алғашқы бастамалардың бірі – уақытты басқару және креативті ойлау жөнінде шеберлік сабақтары. Қатысушылар алаңның ыңғайлылығы мен жұмысқа қолайлы атмосфераны жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив