Алаш ұландары әскерге аттанды
Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде 33 жас сарбаз әскер қатарына аттанды. Олар мерзімді қызметтерін Семей қаласында орналасқан 36803 әскери бөлімінде өткеретін болады. Жас толымды шығарып салу рәсіміне болашақ отан қорғаушыларды ардагерлер, ата-аналары, достары шығарып салды.
Абай облысынан «Күз-2024» мерзімді қызметке шақыру науқаны бойынша 700-ден астам әскер қатарына шақырылмақ, олар борыштарын шекара қызметі, қарулы күштер, төтенше жағдай министрлігі және ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қатарында өткермек.
Айта кететін жәйт, жас сарбаздар қазіргі уақытта өздерінің туған елді – мекендерінде қызмет атқару мүмкіндігі қарастырылған. Одан бөлек несиелік қарыздары бар сарбаздарға борышын өтеу кезінде несиелері тоқтатылады. Сарбаздар арасында жоғарғы оқу орнына түсуге де жағдайлар жасалған.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі